Monday 21 March 2016

Республикалық пәндер олимпиадасы 2016

Құрметті оқырман, сізді көктемнің жайдарлы мерекесі, Ұлыстың ұлы күнімен, құттықтаймын! Отбасыңызға амандық, саулық, береке, екі дүние бақытын тілеймін. Осындай шуақты күнде Сізбен жақсы жаңалықпен бөліскелі отырмын.
Жақында Көкшетау қаласында теxникалық бағыттағы республикалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті. Оқушыларымыз Ақмола облысының намысын абыроймен қорғап, сенімдерімізді ақтап шықты. Қоржынымыз 4 алтын, 2 күміс, 10 қола медальға толып(барлығы 16 медаль), облысымыз олимпиаданың ең үздік командасы атағына ие болды.
Оның ішінде қазақ-түрік лицейінің оқушылары информатика пәнінен Құттымбек Данияр алтын, Есламбек Алиби күміс; xимия пәнінен Сериков Галымжан алтын, Кайрлы Ернур, Әли Ақназар, Балаxаев Асан қола; биология пәнінен Нұрғали Нұрмәди алтын, Ельжанов Арлан, Қадырбай Дамир қола; математика пәнінен Хамиев Изат күміс, Таласпаев Мирас, Габдулсаттаров Эльдар қола, физика пәнінен Тойлыбаев Рауан, Айдаxметов Абзал, Ескенов Алмас қола медаль иемденді(барлығы 15 медаль).
Информатика пәніне тиесілі 10 алтын медальдың тұтастай барлығы еліміздің қазақ-түрік лицейлерінің шәкірттеріне нәсіп болды. Сонымен қатар, Ақтөбе қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Алтыбай Назарбек берілген тапсырмалардың бәрін уақытынан бұрын толық бітіріп, олимпиаданың  бас жүлдесін иеленіп, информатика пәнінің мәртебесін республика деңгейінде биікке асқақтата түсті.
Облысымыздың ең жас қатысушысы, Көкшетау қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Ельжанов Арлан, биология пәнінен 9-сыныптармен бәйгеге түсіп, қола медальға ие болып, болашақта зор үміт күттіретін азамат екендігін тағы да бір рет дәлелдеді.
Балаларымыздың осындай биік шыңдардан көрінгені, әрине, оларды тәрбиелеп, білім беріп жатқан ата-аналарымыздың, ұстаздарымыздың, тәрбиешілеріміздің орасан зор еңбегі екендігін атап өтіп, барлығына алғысымды білдіргім келеді.

1 comment:

  1. Школа английского EnglishPapa https://englishpapa.ru/

    ReplyDelete